Мен, Исаева Назым Төленқызы 07.05.1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. 1988 жылы қыркүйек айында Алматы қаласының №137 орта мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. 1993 жылы қыркүйек айында Алматы қаласының О.А. Жәутіков атындағы Республикалық арнайы физика-математика мектеп-интернатына қабылдандым. 1999 жылы аталған оқу орнын бітірдім. 1999 жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, физика- математика факультетіне оқуға түстім. 2003 жылы аталған университеттің «Информатика» мамамдығын бакалавр дәрежесін тәмамдадым. 2003-2005 жыл аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, физика-математика факультетінің «Қолданбалы математика» мамамдығына түсіп, магистр дәрежесін алдым. 2004-2005 аралығында Қазақ ұлттық техникалық колледжінде мұғалімдік қызметін атқардым. 2005-2013 аралығында Алматы технологиялық университетінде, «Ақпараттық технология» кафедрасында оқытушылық қызмет атқардым . 2014-2015 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, жоғары оқу орнына дейінгі факультетінде математика пәні бойынша аға оқытушылық қызмет атқардым. 2016-2017 аралығында Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, «Ақпараттық жүйе және технология» және «Жоғары математика» кафедраларында аға оқытушы қызмет атқардым. 2019 жылдан бастап қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, жоғары оқу орнына дейінгі факультетінде математика пәні бойынша аға оқытушы қызметін атқарамын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2003
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0